Бұл шағын кітапшада мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары жазылған. Өңірдің 8 мыңға жуық қызметкері енді осы заңнамалар жиынтығын алып жүруге міндеттелген. Мамандар қойын кітапшасындағы ақпаратты жадында сақтап, халыққа қызмет көрсету кезінде пайдалануға таптырмас құрал деп есептейді. Әсіресе, жас қызметкерлердің жұмысын жетілдіріп, біліктілігін шыңдауға өте қажет. Нұрлан Болатбеков, Өтенай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы: – Мемлекеттік қызметкер ретінде күнделікті «PocketBook» кітапшасын қолданып, өзімізге керекті ақпараттарды ала аламыз. Оны жұмыста және үйде қолдана аламыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ