Бұл шағын кітапшада мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары жазылған. Өңірдің 8 мыңға жуық қызметкері енді осы заңнамалар жиынтығын алып жүруге міндеттелген. Мамандар қойын кітапшасындағы ақпаратты жадында сақтап, халыққа қызмет көрсету кезінде пайдалануға таптырмас құрал деп есептейді. Әсіресе, жас қызметкерлердің жұмысын жетілдіріп, біліктілігін шыңдауға өте қажет. Нұрлан Болатбеков, Өтенай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы: – Мемлекеттік қызметкер ретінде күнделікті «PocketBook» кітапшасын қолданып, өзімізге керекті ақпараттарды ала аламыз. Оны жұмыста және үйде қолдана аламыз. Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ Қайнар көз: http://kaztrk.kz/news/qogam/almaty-oblysynyn-memlekettik-qyzmetkerlerine-pocketbook-qoiyn-kitapshasy-engizildi-110720
-
-
Алматыда Мұқан Төлебаев атындағы конкурс өтті
Композитордың 105 жылдығына орай өткізілген байқауға мегаполистегі барлық музыкалық мектептердің оқушылары қатысы. Оларға қазылық етуге елімізге белгілі өнер майталмандары шақырылған. Биыл талантты балаларды анықтауға арналған шараның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымы кеңейе түскен. Сондықтан, ұйымдастырушылар енді өнерпаздар бәйгесінің ауқымын одан әрі ұлғайтып, еліміздің барлық өңірлеріндегі музыкалық мектептердің балаларын қатыстыруды жоспарлап отыр. Ал, Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебі түлектерінің музыкалық деңгейі әлемдік музыкалық мектептерден еш кем емес. Шәмилә Шалдаева, М. Төлебаев атындағы №5 балалар музыкалық мектебінің директоры: – Біздің музыкалық мектептен тәлім алған түлектеріміздің берісі елімізге, әрісі әлемге танылған. Мәселен, Рахат-Би Әбдісағинді айтсақ, ол қазіргі Қазақстанның келбетін танытуға арналған жүз жаңа есімнің ішіне кіріп отыр. Біз бұған мақтанамыз. Ал, байқауға қатысушыларға…
-
Алматыда ауруларды табиғи шөптермен емдейтін орталық бар
«Қазір қауіпті ауруларды операциясыз, табиғи шөптермен емдеуге болады. Бұл қазақтың дәстүрлі халық емі». Алматыда осындай орталық ашып, науқастарды дәрілік шөппен әрі отпен емдейтін мамандар осылай деді. Қазақтың дәстүрлі тәсілімен емдейтін орталыққа қазір келушілер көп. 1 жылдың ішінде 5000-нан астам адам ем алған. Ал, 2000-нан астам науқас операциясыз-ақ дертінен айыққан. Өйткені, мұнда мамандар әлемде қауіпті саналатын 12-13 түрлі ауруды табиғи шөп-дәрілермен емдейді. Орталық мамандары дәрілерді әр адамның ағзасына анализ жасап, әзірлейді. Сонда оның науқасқа кері әсері болмайды. 5 немесе 7 күннің ішінде жан-жақты тексеру жүргізіліп, содан кейін дәрі дайындалады. Ал, табиғи дәрі дайындау үшін олар дала кезіп, емдік шөптерді теріп әкеледі. Қазір мұнда елімізден бөлек, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерден де…
-
Алматыдағы «MEGA» сауда ойын-сауық орталығында өртке қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті
Таңғы сағат 10:30-да дабыл қағылып, қонақтар түгелдей сыртқа шығарылды. Ал, орталықтың басшылары мен өрт сөндіру қызметінің мамандары ғимараттың қауіпсіздік жүйесін тілшілерге таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Оқу-жаттығу жиыны шынымен өрт оқиғасы болғандай тәртіпте өтті. Шартты түрде өрт тіркеліп, дабылқаққыштар мен хабарландыру жүйесі іске қосылды. Орталықтың 46 эвакуациялық есігі бір уақытта автоматты түрде ашылып, қонақтар сыртқа шығарылды. Жедел-жәрдем қызметінің жұмысы тексеріліп, өрт сөндірушілер тілсіз жаудың көзін жойды. Сауда ойын-сауық орталығы өртті болдырмау мен эксплуатацияға дайын екенін дәлелдеді. Алайда, оқу-жаттығу барысында кейбір олқылықтар мәселен, төтенше жағдайды хабарлау бөлімінде кем-кетіктер анықталған. «MEGA» еліміздегі адам көп жиналатын демалыс орындарының бірі. Сондықтан, өртке қарсы қауіпсіздікті күшейту үшін мұнда жеке бөлім ашылып, онда 70-ке жуық қызметкер…
-
Наурыз мейрамының 62 жылдық үзілістен кейін қайта түлеген жері – Алматы қаласы
Наурыз тойы қыс пен жаздың ат алмастырар сәтінде келеді. Бұл адамзаттың ғана емес бүкіл табиғаттың мерекесі. Дегенмен, шығыстан батыстың десі басымдау болып тұрған заман емес пе?! Григориан күнтізбесімен жүруге мәжбүрміз. Қаңтардың қақаған қысында жаңарудың, жаңғырудың көлеңкесі көзге шалынбаса да, телміріп, түнгі 12-ні күтеміз. Шампан атып, Аяз атадан сыйлық дәметеміз. Орыстардың Аяз ата деп жүргені – Наурыз түні ел аралап, бақ пен ырыс үлестіреді деп балаларымыз ғана емес, бабаларымыз да нанып-сенген Қыдыр атаның образына ұқсас екенін ойлайтындар аз, есесіне жақсылап тұрып тойлайтындар көп. Өзіміздің дүниені өзгелер сіңіріп алып, қайтадан бізге өзінікіндей ұсынып жатқаны қазақ баласының намысын қайрақтай жанитын дүние. Сол намыстың бір ұшқыны сонау кеңестік заманда баспасөзде байқалды. 60-70 жылдары «Лениншіл…
-
Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарының қауіпсіздігі күшейтілді
Мегаполистегі халық көп келетін бірқатар ірі орталықтар бүгін өздерінің төтенше жағдайға қарсы қауіпсіздік жүйелерін таныстырып, келушілерге ашық ақпарат берді. Солардың бірі «Достық плаза» ойын-сауық орталығы. Бұл жерге айына миллионнан аса адам кіреді. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі бойынша қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің сарапшы ұйымдарының кешенді тексеруінен өткен. Аталған ұйым мұқият тексеру жүргізіп, жоғары баға берген. Орталық әлемдік ең озық технологияның жетістігі саналатын құрал-жабдықтар және автоматты қондырғылармен жабдықталған. Осы себепті дабыл, хабарландыру, су шашу және түтін шығару жүйесі ақаусыз жұмыс істейді. Нұрлан Жүнісов, ойын-сауық сауда орталығының бас директоры: – Біздің нысан алып ғимарат болғандықтан, қауіпсіздік шаралары басты назарда. Сондықтан, қонақтарымыздың қауіпсіздігін сақтау үшін күн сайын құрылғыларды жиі тексеріп отырамыз. Барлық жерге бейнебақылау орнатылған.…
-
Алматыда жер телімдері мәжбүрлі түрде алынады
Алматыда жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу туралы қаулы шықты. Бұл қаланың бас жоспарын орындауға арнайы жасалған қадам. Алынған жер учаскелеріне жол айырықтары салынып, су құбырлары жүргізілмек. Жалпы, көлемі 0,18161 гектар болатын жер телімдері мемлекет қажеттіліктері үшін сатып алынады. Нақтырақ айтқанда, Абай көшесін Момышұлы даңғылынан Наурызбай ауданына дейін ұзарту үшін қайтарылады. Сондай-ақ, ауданы 0,1955 гектар жер Рысқұлов-Емцов көшелерінде жол айырығын салуға алынады. Бұл аумақтар 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін босатылуы тиіс. Ал, ең үлкен территория Құлжа жол айырығын салуға арналмақ. Ардақ Мәуленұлы, қалалық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары: – Қазіргі уақытта Алматы қаласының бас жоспарын орындау барысында көптеген инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде Емцов және Рысқұлов көшесі қиылысындағы «Жол…
-
Басты тақырып – Жаңа әлемге жол салу (Толық нұсқа) 29.03.2018
Жастар жаңа әлемге жол салуы үшін қандай қолдау қажет? Бүгінгі «Басты тақырыпта» еліміздегі жастардың жай-күйі әңгіме өзегіне айналмақ. Студия қонағы – «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек. Сұхбаттасқан – Саламат Омаш. Қайнар көз: http://kaztrk.kz/news/portal/29032018-basty-taqyryp-zhana-alemge-zhol-salu-tolyq-nusqa-110905
-
Алматылық тіл ғалымдары жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу мәселелерін талқылады
«Өйткені, бұл реформаның сәтті жүзеге асуы латын қарпінің осы салаға қаншалықты дұрыс енгізілуіне байланысты», – дейді олар. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында өткен жиында мамандар бірнеше мәселені көтеріп, оларды шешу туралы өз ұсыныстарын айтты. Латын қарпіне негізделген ұлттық әліпбиді білім беру жүйесіне енгізуде мәселе көп. Оқулықтарды қайтадан жазып шығу, орфографиялық сөздіктер шығару жұмыстары бар. Бірақ, тіл мамандарының айтуынша, ең бастысы – жаңа әліпбидің емле-ережелерін дұрыс дайындау. Қазақ тілінің заңдылығын, өзіне тән ерекшелігін сақтау міндеті. Жаңа әліпби қолдануға ыңғайлы болуы үшін «көзшалым» мен «қолдағдыны» жедел әрі жеңіл үйрету жолдарын табу. Анар Фазылжанова, филология ғылымдарының кандидаты: – Біз қазіргі кезде реформаның сәтті жүзеге асуы үшін осындай қиындықтарды міндетті түрде айтуымыз керек. Оның…