Таңғы сағат 10:30-да дабыл қағылып, қонақтар түгелдей сыртқа шығарылды. Ал, орталықтың басшылары мен өрт сөндіру қызметінің мамандары ғимараттың қауіпсіздік жүйесін тілшілерге таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Оқу-жаттығу жиыны шынымен өрт оқиғасы болғандай тәртіпте өтті. Шартты түрде өрт тіркеліп, дабылқаққыштар мен хабарландыру жүйесі іске қосылды. Орталықтың 46 эвакуациялық есігі бір уақытта автоматты түрде ашылып, қонақтар сыртқа шығарылды. Жедел-жәрдем қызметінің жұмысы тексеріліп, өрт сөндірушілер тілсіз жаудың көзін жойды. Сауда ойын-сауық орталығы өртті болдырмау мен эксплуатацияға дайын екенін дәлелдеді. Алайда, оқу-жаттығу барысында кейбір олқылықтар мәселен, төтенше жағдайды хабарлау бөлімінде кем-кетіктер анықталған. «MEGA» еліміздегі адам көп жиналатын демалыс орындарының бірі. Сондықтан, өртке қарсы қауіпсіздікті күшейту үшін мұнда жеке бөлім ашылып, онда 70-ке жуық қызметкер…
-
-
Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарының қауіпсіздігі күшейтілді
Мегаполистегі халық көп келетін бірқатар ірі орталықтар бүгін өздерінің төтенше жағдайға қарсы қауіпсіздік жүйелерін таныстырып, келушілерге ашық ақпарат берді. Солардың бірі «Достық плаза» ойын-сауық орталығы. Бұл жерге айына миллионнан аса адам кіреді. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі бойынша қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің сарапшы ұйымдарының кешенді тексеруінен өткен. Аталған ұйым мұқият тексеру жүргізіп, жоғары баға берген. Орталық әлемдік ең озық технологияның жетістігі саналатын құрал-жабдықтар және автоматты қондырғылармен жабдықталған. Осы себепті дабыл, хабарландыру, су шашу және түтін шығару жүйесі ақаусыз жұмыс істейді. Нұрлан Жүнісов, ойын-сауық сауда орталығының бас директоры: – Біздің нысан алып ғимарат болғандықтан, қауіпсіздік шаралары басты назарда. Сондықтан, қонақтарымыздың қауіпсіздігін сақтау үшін күн сайын құрылғыларды жиі тексеріп отырамыз. Барлық жерге бейнебақылау орнатылған.…
-
Алматыда жер телімдері мәжбүрлі түрде алынады
Алматыда жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу туралы қаулы шықты. Бұл қаланың бас жоспарын орындауға арнайы жасалған қадам. Алынған жер учаскелеріне жол айырықтары салынып, су құбырлары жүргізілмек. Жалпы, көлемі 0,18161 гектар болатын жер телімдері мемлекет қажеттіліктері үшін сатып алынады. Нақтырақ айтқанда, Абай көшесін Момышұлы даңғылынан Наурызбай ауданына дейін ұзарту үшін қайтарылады. Сондай-ақ, ауданы 0,1955 гектар жер Рысқұлов-Емцов көшелерінде жол айырығын салуға алынады. Бұл аумақтар 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін босатылуы тиіс. Ал, ең үлкен территория Құлжа жол айырығын салуға арналмақ. Ардақ Мәуленұлы, қалалық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары: – Қазіргі уақытта Алматы қаласының бас жоспарын орындау барысында көптеген инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде Емцов және Рысқұлов көшесі қиылысындағы «Жол…
-
Алматылық тіл ғалымдары жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу мәселелерін талқылады
«Өйткені, бұл реформаның сәтті жүзеге асуы латын қарпінің осы салаға қаншалықты дұрыс енгізілуіне байланысты», – дейді олар. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында өткен жиында мамандар бірнеше мәселені көтеріп, оларды шешу туралы өз ұсыныстарын айтты. Латын қарпіне негізделген ұлттық әліпбиді білім беру жүйесіне енгізуде мәселе көп. Оқулықтарды қайтадан жазып шығу, орфографиялық сөздіктер шығару жұмыстары бар. Бірақ, тіл мамандарының айтуынша, ең бастысы – жаңа әліпбидің емле-ережелерін дұрыс дайындау. Қазақ тілінің заңдылығын, өзіне тән ерекшелігін сақтау міндеті. Жаңа әліпби қолдануға ыңғайлы болуы үшін «көзшалым» мен «қолдағдыны» жедел әрі жеңіл үйрету жолдарын табу. Анар Фазылжанова, филология ғылымдарының кандидаты: – Біз қазіргі кезде реформаның сәтті жүзеге асуы үшін осындай қиындықтарды міндетті түрде айтуымыз керек. Оның…