Таңғы сағат 10:30-да дабыл қағылып, қонақтар түгелдей сыртқа шығарылды. Ал, орталықтың басшылары мен өрт сөндіру қызметінің мамандары ғимараттың қауіпсіздік жүйесін тілшілерге таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Оқу-жаттығу жиыны шынымен өрт оқиғасы болғандай тәртіпте өтті. Шартты түрде өрт тіркеліп, дабылқаққыштар мен хабарландыру жүйесі іске қосылды. Орталықтың 46 эвакуациялық есігі бір уақытта автоматты түрде ашылып, қонақтар сыртқа шығарылды. Жедел-жәрдем қызметінің жұмысы тексеріліп, өрт сөндірушілер тілсіз жаудың көзін жойды. Сауда ойын-сауық орталығы өртті болдырмау мен эксплуатацияға дайын екенін дәлелдеді. Алайда, оқу-жаттығу барысында кейбір олқылықтар мәселен, төтенше жағдайды хабарлау бөлімінде кем-кетіктер анықталған. «MEGA» еліміздегі адам көп жиналатын демалыс орындарының бірі. Сондықтан, өртке қарсы қауіпсіздікті күшейту үшін мұнда жеке бөлім ашылып, онда 70-ке жуық қызметкер…