Наурыз тойы қыс пен жаздың ат алмастырар сәтінде келеді. Бұл адамзаттың ғана емес бүкіл табиғаттың мерекесі. Дегенмен, шығыстан батыстың десі басымдау болып тұрған заман емес пе?! Григориан күнтізбесімен жүруге мәжбүрміз. Қаңтардың қақаған қысында жаңарудың, жаңғырудың көлеңкесі көзге шалынбаса да, телміріп, түнгі 12-ні күтеміз. Шампан атып, Аяз атадан сыйлық дәметеміз. Орыстардың Аяз ата деп жүргені – Наурыз түні ел аралап, бақ пен ырыс үлестіреді деп балаларымыз ғана емес, бабаларымыз да нанып-сенген Қыдыр атаның образына ұқсас екенін ойлайтындар аз, есесіне жақсылап тұрып тойлайтындар көп. Өзіміздің дүниені өзгелер сіңіріп алып, қайтадан бізге өзінікіндей ұсынып жатқаны қазақ баласының намысын қайрақтай жанитын дүние. Сол намыстың бір ұшқыны сонау кеңестік заманда баспасөзде байқалды. 60-70 жылдары «Лениншіл…